Кепілдік шарттары. Кепілдік мерзімі ішінде өніміңізде конструктивті немесе өндірістік ақау анықталса, тұтынушы өкілетті қызмет көрсету орталығында тегін жөндетуге құқылы.
INOI компаниясы түпнұсқалық қаптамадағы INOI маркалы жабдық өнімі мен INOI маркалы қосалқы құралдарда («INOI өнімі») соңғы пайдаланушының сатып алу құжатымен сатып алу орнына сай мерзім бойы (әрі қарай — «Кепілдік мерзімі») INOI нұсқауларына сәйкес қалыпты пайдаланылған жағдайда материалдары мен жұмысында ақау болмайтындығына кепілдік береді.
Кепілдік тысқаптарға, сөмкелерге, ұстағыштарға, алынбалы панельдерге, кабельдерге, өздігінен орнатылатын бағдарламалық құралға және басқа қосалқы құралдарға қолданылмайды. Пайдаланушыда сатушы компания мөрі қойылған түпнұсқа кепілдік картасы мен сатып алу құжаты болған жағдайда ғана өкілетті қызмет көрсету орталығы кепілдік бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Өнімнің кепілдік мерзімі қызмет көрсету орталығы өнімге кепілдік бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізетін мерзімге ұзартылады.
Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болуы мүмкін: механикалық, электрлік немесе термиялық әсерден, сұйықтықтың немесе конденсаттың әсерінен болған зақымдану; дұрыс пайдаланбау, оның ішінде түпнұсқа емес қосалқы құралдармен бірге пайдалану нәтижесінде болған зақымдану; бағдарламалық құралды рұқсатсыз ашу, жөндеу, өзгерту немесе дұрыс орнатпау нәтижесінде болған зақымдану; вирустық шабуылдар, лицензияланбаған бағдарламалық құралды пайдалану нәтижесінде болған зақымдану; қорғаныш тығыздағыштардың, белдіктердің, жапсырмалардың және т.б. зақымдануы; үшінші тараптардың әрекеттері, форс-мажор, дұрыс емес сақтау және тасымалдау ережелері нәтижесінде болған зақымдану.
ЕСКЕРТПЕ: кепілдік шарттары туралы толығырақ білу үшін 24@inoi.com мекенжайы бойынша бізге хабарласыңыз немесе еліңіздегі INOI өкілетті қызмет көрсету орталығына барыңыз.
Пікірлер
0 пікір
Өтінеміз пікір қалдыру үшін кіру